Кәрім Мәсімовке рақымшылық беріле ме?

Мәсімовтің кешірім беру туралы өтініші 27 маусымда кешірім беру мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды

Фото: qaz365.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекетке опасыздық жасап, билікті басып алмақ болды деген айыппен сотталған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Масімовке рақымшылық жасаудан бас тартты, деп хабарлайды newsroom.kz порталы  Qaz365.kz-ке сілтеме жасап. 

Мәсімовтің кешірім беру туралы өтініші 27 маусымда кешірім беру мәселелері жөніндегі комиссияда қаралды.

"Мәсімовке рақымшылық актісін қолдану мүмкіндігін зерделеу қорытындысы бойынша комиссия мемлекет басшысына тиісті ұсыныс енгізді. Ол келісті", – деліген президент әкімшілігінің хабарламасында.

Жүктелуде...