Астанада сауда үйінен өрт шықты

"Ажар" сауда үйінің 3 сауда бутигінің жанып жатқаны анықталды

Фото:ТЖМ

Астанада дәл осы сәтте өрт сөндірушілер Байқоңыр ауданындағы сауда үйлерінің бірінің аумағында шыққан өртті сөндіріп жатыр,-деп хабарлайды newsroom.kz. Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
 

Ведомство мәліметінше, Астана қаласы ТЖД күштері мен құралдары жеткен кезде, Байқоныр ауданында орналасқан 2 қабатты "Ажар" сауда үйінің 3 сауда бутигінің жанып жатқаны анықталды.

"Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Барлығы 4 жауынгерлік учаске жұмыс жасап жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Өрт болған кезде ішінде адамдар болған жоқ", - делінген хабарламада.

Өрт толығымен нақтыланған ақпарат бойынша 60 шаршы метрде алаңда жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.

Өртті жоюға ТЖМ күштер мен құралдарының жеке құрамынан 65 адам мен 14 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Жүктелуде...