Маңғыстау облысында ер адам елдің көзінше әйелді пышақтап тастады. Аталмыш ақпаратты дәлелдейтін бейнежазба әлеуметтік желіде таратылды,-деп хабарлайды newsroom.kz
Ер адамның бұл әрекетін куәгерлер видеоға түсіріп алған. Ашуға булыққан ол адамдарға айқайлап, басқаларды қорқытуға тырысады. Ер адамның жанында қансыраған әйел ес-түссіз жатыр.
Кадрлардан, ер адамның жерде жатқан әйелдің басынан тепкенін байқауға болады. Куәгерлер шабуылдаушыны тоқтатуды сұрайды. Бірақ тәртіп сақшылары оны ұстауға асықпады.
Олар азық-түлік арбаларымен өздерін қылмыскерден қорғап жүрген. Олар жәбірленушіге жедел жәрдем келгеннен кейін ғана көмектескен. Оқиға Маңғышлақ ауданында, "Рахат" супермаркетінің маңында болған. Қақтығысқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Маңғыстау облысының полиция департаменті шабуыл жасаған адамның ұсталғанын хабарлады. "Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалды", делінген хабарламада.
Маңғыстау облыстық көпсалалы ауруханасының мәліметінше, жәбірленуші 2000 жылы туған. Науқастың құрсағында сәбиі бар болып шықты.
"Ол ауруханаға сағат 22.40-та түсті. Шұғыл түрде операциялық бөлімшеге жатқызылды. Алдын ала қойылған диагноз: пышақ әйелдің құрсақ қабырғасына және сол жақтағы кеуде қуысына кірген. Операция: лапаротомия, сол жақта диафрагманы тігу, ревизия, құрсақ қуысын санитария және дренаждау, сол жақта Бұлау бойынша плевра қуысын дренаждау бойынша жасалды. Жүктілік 10 апта 1 күн", – делінген хабарламада.