Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz
Ақорданың мәліметінше, Мемлекет басшысы Дональд Трампқа жасалған қастандықты қатаң айыптайтынын мәлімдеп, оның тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.
Айта кетелік, бұған дейін АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трампқа қастандық жасалғанын хабарлаған едік.
Оқыс оқиға Дональд Трамптың Пенсильвания штатындағы Батлер қаласында өткен халықпен кездесуінде болған. Қастандық жасаған адамның 20 жастағы Томас Мэттью Крукс екені анықталды.