Бүкіл Атбасар өңірі үшін жауапты осы бір сәтте Александр Андреевич пен оның қарамағындағылар шетте қалмай, жерлестеріне көмек қолын созды, - деп хабарлайды newsroom.kz
Атап айтқанда, «Альпари KZ» ЖШС тасқынның алдын алу іс-шараларын жүргізу үшін бес техника бөлді. Романченконың өзі қаптарды толтыруға, инертті материалды тасымалдауға және төсеуге белсене қатысты. Осылайша, оның қатысуымен 600 тоннаға жуық құм салынған қаптар дайындалып, топырақ үйіндісі нығайтылды.
Сонымен қатар, оның тікелей қолдауымен су басу қаупі бар аймақта тұратын 150-ден астам тұрғынды ертерек эвакуациялау және олардың материалдық құндылықтарын тасымалдау да ұйымдастырылды.