weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 маусым, 2024 / Динара Сембаева / Дін
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Құрбан айт - 2024: намаз нешеде оқылады?

Тілімізге еніп кеткен "құрбан" сөзі араб тілінде "жақындау" деген мағынаны білдіреді

Құрбан айт - 2024: намаз нешеде оқылады?
Фото: informburo.kz

Айт – арабшадан аударғанда, «мейрам" деген мағынаны білдіреді. Айт намаздарының уәжіптігі Құран мен сүннетке сүйенеді. Біріншісі – Рамазан айты, екіншісі – Құрбан айт. Айт намазы – екі рәкат. Жамағатпен жария түрде оқылады. Азан мен қамат оқылмайды,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Тілімізге еніп кеткен "құрбан" сөзі араб тілінде "жақындау" деген мағынаны білдіреді. Алла Тағаланың разылығына жақындау ниетімен құрбан айт күндерінде шалынатын арнайы малдың аты.

Құрбан шалу – Алла Тағаланың берген сансыз нығмет-несібелеріне әрі жылдан жылға аман-есен жеткенге шүкіршілік ретінде һәм жыл бойы жіберген күнә-қателіктерді жуу үшін орындалатын ғибадат. Сондай-ақ, мұсылман шалған малының етінен бала-шағасына, ағайын-туысына, көршілеріне таратады, кедейлердің де аузы қызылға тиеді. Сол арқылы қоғамдағы береке-бірлік, ынтымақ, жанашырлық, ағайындық, татулық арта түседі.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→