Дін

Құрбан айтты қалай қарсы алған дұрыс?

Мұсылман әлемінде діннің діңгегімен дөңгеленген дәстүрлі мейрамдар мәңгілік екені ақиқат. Алда қалың қазақ жұрты үшін қасиетті мереке “Құрбан айт” мерекесі жақын. Аталмыш қасиетті мерекеде  Байрам айынан соң 70 түн өткеннен кейін Тәңірге арнап дін жолында құрбандық шалу шарасы жүргізіледі. Мұсылман баласының құлшылық амалдары жамағатпен және ауызбіршілікпен атқарылады.

Момын мұсылманның міндеті жылқы жануарынан басқа үй төрт аяқтысын бісмілләсін айтып,  соятын жерге ұрмай-соқпай апарып, оны құбылаға қаратып, сол жағымен жатқызып, ниет етіп Жаратқанға жөнелту. Ескере кететін жайт құрбандыққа шалынатын мал  ауру не соқыр болмауы шарт. Құрбан шалатын адам малды қинамай жұмсақ бауыздауға көңіл бөлуі керек. Малдың көзінше пышақты жалаңдатып қайрауға болмайды деп кесіп айтты дін мамандары. 

Құрбан айттың қалауы Құдайға жақындау екені анық. Бұл күндері мұсылман баласы діни орындарға барып, айт намазына ат басын тіреп қана қоймай,Құран аяттарын шаңырағында оқып, ошақ қасында отбасымен ниет еткені абзал болмақ. Дәлірек айтқанда ғибадат ету елеулі  дүние екені рас. Мұсылманның алақаны күндіз- түні дұғада болуы шарт емес десе де, фатиха ықылас сынды сүрелерді серпіне қайырып, Жаратқанмен байланған тізгінді қолына алып, дұға ету негізгі мақсат. 

Биылғы күнтізбе күндерінің есептелуі бойынша байрам айының мерекесі демалысқа дәл болмақ. Аталмыш діни мерекеде ресми демалыс болмайтынын атап айтты мамандар. 

Дін дәстүрмен сабақтас екені екі бастан белгілі. Мұсылман жұртында айттау деген маңызды ұғымды ұғыну міндет.  Көне  қазақ жұрты үшін айттаудың орны бөлек.  Қасиетті күндерде туған-туыс ата-жұртпен жолығып жақындасқанды  жөн көреміз. Үлкеннің  батасымен һәм алғысымен көгерген ұлы дала жұртын “Құрбан айт” мерекесімен құттықтаймыз. Барша мұсылман қауымының бұл күндері шалған құрбандықтарын қабылдыққа жазып, атқарған әрбір ізгі амал-әрекеттеріне сауаптан жазғай! 

                                                 Перизат Жайырбек