weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
22 сәуір, 2024 / Динара Сембаева / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қытайда су басқан аудандардан 83 мыңнан астам адам эвакуацияланған

130 миллион адамға қауіп төніп тұр

Қытайда су басқан аудандардан 83 мыңнан астам адам эвакуацияланған
Фото: Газета.ру

Қытайда соңғы 50 жылдағы ең үлкен су тасқыны болып, төрт адамның өмірі қиылды, тағы он адам хабар-ошарсыз жоғалып кеткен деп хабарлайды, Newsroom.kz порталы  Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Су басқан аудандардан 83 мыңнан астам адам эвакуацияланған. Дауыл салдарынан миллионнан астам үй электр жарығынсыз қалған, мыңнан астам мектеп жабылған.
Жауын-шашынның салдарынан елдің оңтүстігінде көшкін басталған. Өзендердегі су деңгейі жақын арада қауіпті деңгейге жетуі мүмкін.

130 миллион адамға қауіп төніп тұр

Бұл су тасқыны Қытай экономикасына зор әсерін тигізеді деп болжам жасап отыр мамандар. Өйткені тұрғындары көп және бай аудандарының бірі Гуандун провинциясына қатты әсер етіп жатыр. Жалпы, табиғи апат 130 миллион адамға қауіп төндіріп тұр. 

Сондай-ақ Қытайлық бұқаралық ақпарат құралдары көліктерді ағызып, көпірлерді қиратып кетіп жатқан тасқынның видеоларын жариялап жатыр. 

Құтқарушылар құм толтырылған қаптармен жағалауларды нығайтуға тырысқанымен, тоқтамай жауған жаңбыр қиындық туғызып жатыр.  

Қытайдағы нөсер жаңбыр 19 сәуір күні басталған еді.  

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→