Жайық өзенінен тасыған су Орал маңындағы саяжайларды басты. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Newsroom.kz
Ақпаратқа қарағанда, Орал қаласының маңындағы саяжай аумақтарын су басуда. БҚО, Қызылорда облысы, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнына келгені айтылады. Адамдар алдын ала эвакуацияланған.
“Алайда, жергілікті тұрғындар арасында үйлерінен өз еркімен кетуден бас тартқандар да бар. Жергілікті полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс атқаруда”, – деп қосты ТЖМ.