weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
17 сәуір, 2024 / Рысжан Амантай / Қылмыс
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Қызылордада ҰҚК ірі есірткі арнасын жойды

Қазақстанның 5 азаматы ұсталды

Қызылордада ҰҚК ірі есірткі арнасын жойды
Фото: ҰҚК

Қызылорда облысы және Байқоңыр бойынша ҰҚК департаменті прокуратура органдарының үйлестіруімен есірткіні жеткізудің өңірлік арнасын жойды, - деп хабарлайды newsroom.kz порталы ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2024 жылғы наурызда Қызылорда қаласында 3,5 келі апиынды сатуға әрекеттенуі кезінде Қазақстанның 5 азаматы ұсталған.

"Бұдан басқа, қосымша іс-шаралар барысында заңсыз сора өсіру жөніндегі астыртын зертхана табылды. Соттың санкциясы бойынша, ұсталған адамдарға күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды", - делінген хабарламада.

Қылмыстық кодекстің 300-бабы 2-бөлігі және 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→