17 сәуірде Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі қаншаға көтерілгені белгілі болды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Атырау облысы ТЖ штабына сілтеме жасап.
Атырау облысы бойынша "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторингінің деректеріне сәйкес, өткен тәулікте 2024 жылғы 17 сәуірде сағат 8-дегі жағдай бойынша
Атырау облысының Жайық өзені бойынша өткен тәулікте БҚО аумағынан судың келуі есебінен:
– Жайық өзені - Индербор кентінің гидропостында су деңгейі 547 см., деңгей +9 см-ге көтерілді, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілу деңгейі 324 см құрайды.,
- Жайық өзені - Махамбет кенті су деңгейі 672 см., су деңгейінің + 8 см-ге көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 355 см құрайды.
- Жайық өзені - Атырау қ. гидропостында су деңгейі 396см., су деңгейінің +9см.көтерілуі, су тасқыны басталғаннан бері жалпы судың көтерілуі 205 см құрайды.
Су деңгейінің одан әрі көтерілуі күтілуде.
"17 сәуірде Иректі су қоймасынан ағын көлемі 436 м3 / с құрайды, су жіберу көлемі 345 м3/с құрайды", - делінген хабарламада.