weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Практикада жоқ! Суды қайтарам деп ұршық иірген әжеге жастар ұрысыпты

Желіде тараған видеода оралдық әже Жайықтың жағасына келіп, ұршықты теріс иіреді

Практикада жоқ! Суды қайтарам деп ұршық иірген әжеге жастар ұрысыпты
Коллаж: Newsroom.kz

Біршама облыста су тасқыны болғаннан кейін желіде суды қайтаратын бірнеше ырым-жоралғылар туралы видеолар тарады. Бірі су атасы Сүлейменнен кешірім сұраса, басқалары ұршықты теріс иірген, ал бірі келіншектер суға сүтін сауу керек дейді,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Желіде тараған видеода оралдық әже Жайықтың жағасына келіп, ұршықты теріс иіреді.

“Су патшасы Сүлеймен, ағысыңды теріс бұр. Иіріміңді халыққа емес, кең жазық далаға бұр. Аллахым, халқыма тыныштық бер”, – деп тілек етеді әже.

Содан соң әжей суға ақ орамалын жайып, судың кері қайтуын тілейді.

“Су кері кетсін деп ақ жаулығымды жауып жатырмын. Иіріміңді кері әкет, халқыма тыныштық бер”, – деп бата оқыды ол.

Желі қолданушылары әженің тілегі қабыл болсын деп тілеп, орамал көп мәселені шешетінін жарыса жазды. 

 

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→