weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
13 сәуір, 2024 / Динара Сембаева / Әскер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматылық егіздер әскер қатарын толықтырыпты

Егіздерді әскер қатарына шығарып салуға туыстары мен достары көптеп жиналды

Алматылық егіздер әскер қатарын толықтырыпты
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Көктемгі әскерге шақыру науқаны барысында Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына 18-27 жас аралығындағы 1300-ден астам алматылық шақырылатын болады, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың қатарында ағайынды егіздер Шынболат пен Жанболат Талғатұлы да бар. Бірге қызмет етуге шешім қабылдаған егіз бозбала Алматы қаласы Алатау ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасына өз еріктерімен барған. 

Оларды сыртқы ұқсастығынан бөлек, көп нәрсе біріктіреді деуге болады. Екеуі де таэквондомен айналысады. Бірнеше жарысқа қатысып, жеңімпаз атанған. Сонымен қатар егіздер Алматы полиграфия колледжін «Баспа машиналарының операторы» мамандығы бойынша бітірген. 

Егіздерді әскер қатарына шығарып салуға туыстары мен достары көптеп жиналды. 

– Әскердегі қатаң талаптан қашпаймыз. Біз тәртіпке үйренгенбіз. Спортпен шұғылдана жүріп, табыстың негізі – тәртіп деген сенімге келдік, –дейді Жанболат Талғатұлы.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→