Тоқаев Путинді сайлаудағы жеңісімен құттықтапты

Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті

Фото: Akorda

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті,-деп хабарлайды Newsroom.kz

Ақорданың мәліметінше Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді президент сайлауындағы сенімді жеңісімен құттықтады. Мемлекет басшысы Ресей президентінің стратегиялық бағдары жалпыхалықтық қолдауға ие болғанын атап өтті.

Тараптар стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқан екіжақты ынтымақтастық барысын талқылады. Мемлекеттер басшылары өзара тығыз ықпалдастықты жалғастыруға келісті.

Жүктелуде...