weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

“28 әйел, 1 ер кісі анализ тапсырды” Қ.Досжан Жәнібекке қатысты дерекпен бөлісті

Журналист жалған ақпараттың көп тарап кеткенін айтты

“28 әйел, 1 ер кісі анализ тапсырды” Қ.Досжан Жәнібекке қатысты дерекпен бөлісті
Фото: әлеуметтік желіден

Журналист Қымбат Досжан шетел асып келген қазақ баласы Жәнібекке қатысты теріс ақпаратқа нүкте қойды,- деп хабарлайды newsroom.kz.

"Біріншіден, анасы әлі табылмады(әзірге дейік), әкесі деп жұртты дүрліктірген ер адаммен біз 5 қаңтарда сөйлесіп, зерттеп, әкесі емес екенін бірден түсіндік. Басқа телеарнаға барып, тест тапсырып, эфирге қатысып жүргені бізге түсініксіз, өзіне аян болар. “Бармысың бауырым” редакциясы зерттеу жұмысын толық атқарып шықты. Құжат бермей, аты-жөнін өтірік айтып, қолхат жазып, Жәнібек деген ұлын тастап кеткен әйелді - ресми құжаттар бойынша Жәнібектің анасы деп жазылған әйелді біз желтоқсан айында таптық.

Бельгиялық әйелдің Арқалыққа келіп, бәленбай мың еуро санап бердім деген кісіні де білеміз. Тергеп-тексеру ісі жүріп жатыр, ол құқық қорғау органдарының қолында. Күні бүгінге дейін 28 әйел, 1 ер кісі анализ тапсырды. Нәтиже 0 пайыз. Тағы да болжамды ана немесе әке болуы мүмкін адамдар бар, зерттеу тоқтаған жоқ”,- деді Қымбат Досжан.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→