weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда тағы да жер сілкінген бе?

Алматылықтар үш балдық жер сілкінісін сезінді

Алматыда тағы да жер сілкінген бе?
Фото: adyrna.kz

Қазақстандық сейсмологтар 24 ақпан күні сағат 4 сағат 58 минутта Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 276 шақырым жерде Қытай аумағында 6,1 балдық жер сілкінісін тіркеді. Алматылықтар күші үш балл болатын сілкіністі сезінді, деп хабарлайды Newsroom.kz

Зардап шеккендер мен қирау туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай тұрақты. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға сабыр сақтап, үрейленбеуге кеңес берді.

Синоптиктердің мәліметінше, бұл - афтер сілкінісі. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13,6 балл болды. Тереңдігі - 5 км.

Ведомство қалада жыл сайын 200-ге дейін әлсіз, байқалмайтын жер сілкінісі болатынын атап өтті. Бұл ретте 2-ден 4 балға дейінгі жер сілкінісі Алматы үшін фон режимі болып саналады.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→