weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Алматыда базарлар аумақтары көгалдандырылады

Жасыл желектер алаңын 2030 жылға дейін 3 есе ұлғайту көзделген

Алматыда базарлар аумақтары көгалдандырылады
Фото: almatydc.kz

Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы атап өткендей, жан-жақты жоспарлаудың жаңа жобалары бойынша сауда кеңістіктерін айтарлықтай жаңарту қарастырылған, деп хабарлайды Newsroom.kz порталы Qaz365.kz-ке сілтеме жасап.

Мысалы, Алмалы ауданында Розыбакиев көшесінің бойындағы «Тастақ» және «Көтерме сауда» базарлары модернизацияланады. Жетісу ауданында Солтүстік айналма жолы бойындағы базарларды жаңғырту, сондай-ақ су қорғау белдеулерін абаттандыру және тазарту көзделген. Бұл шаралар сауда алаңдарының сапасын едәуір арттырады және келушілер мен кәсіпкерлер үшін қолайлы жағдай жасайды.

Жалпы, саябақтарды, скверлерді, бульварларды қоса алғанда, жалпы пайдаланымдағы жасыл желектер алаңын 2030 жылға дейін 3 есе ұлғайту көзделген.

Сонымен қатар жүрдек көлік қаңқасын және өзара байланысты көшелер желісін енгізу есебінен қаланың барлық аудандары бір-біріне интеграцияланатын болады. Қала тұрғындары қаланың кез келген жеріне оңай бара алады. Мұндай қозғалыстардың дәліздері бизнес үшін, оның ішінде сауда саласында да тартымды болады.

Осылайша, жан-жақты жоспарлау жобалары тұрақты және функционалды қалалық кеңістікті құруға бағытталған. Олар қала құрылысын аймақтарға бөлудің, қызыл сызықтардың, халыққа әлеуметтік, мәдени және коммуналдық қызмет көрсету объектілерін орналастыру үшін аумақтарды резервтеудің, көше-жол желісін ұйымдастырудың, инженерлік коммуникацияларды трассалаудың, аумақтарды абаттандыру мен көгалдандырудың негізгі бағыттарын белгілейді.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→