Полицейлер Меркі ауданы Тәтті ауылының маңындағы құмды аумақта жабайы қарасораны жинап, дайындап жүрген 1972 ж.т тұрғынды ұстады,-деп хабарлайды Newsroom.kz
Тінту кезінде одан 3,8 келі кептірілген марихуана тәркіленген. 51 жастағы ер адамның айтуынша, есірткіні жеке пайдалану мақсатында жинады. Өз ойын іске асыру үшін алдын ала 50 келілік қап сатып алған. Ол қар астынан жабайы шөптің сабақтарын қолмен қазып алып, одан кейін өсімдіктің әр сабағын бөліп жинаған.
— Ұсталған адам есірткі заттарын аса ірі мөлшерде сақтады деген күдікпен Меркі ауданының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, — деді облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.