Трансформатор шығаратын зауыттың егесі тіл үшін 100 млн тг аударыпты

”ALAGEUM ELECTRIC” компаниясы QAZAQ TILI қорына мол қаржы бөліпті

фото: instagram rauan_kenzhekhan

”ALAGEUM ELECTRIC” компаниясы QAZAQ TILI Endowment қорына 100 млн теңге бөлді,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Бұл туралы QAZAQ TILI Endowment қорының жетекшісі Рауан Кенжехан әлеуметтік желісінде бөлісті.

"Осыдан бірер күн бұрын Alageum Electric компаниялар тобының негізін қалаушы - Қожабаев Саудулла ағамыз телефон шалып, қазақ тілін қолдау үшін құрылған QAZAQ TILI Endowment қорына 100 миллион теңге аударатынын айтты.
Сайдулла Аға - күрделі электротехникалық өндірісті жоқтан құрап, биікке көтерген дарынды кәсіпкер, төңірегін гүлдендіріп, маңайына шуақ шашып жүретін Ел ағасы",- деп жазды Рауан Кенжехан.

”Alageum Electric” компаниялар тобы – Қазақстан және Орталық Азиядығы электротехника саласындағы аса ірі компания. Ол құрамына электротехника, электр машина жасау және құрылыс салаларында табысты жұмыс істеп келе жатқан 30-дан кәсіпорын мен зауыттарды біріктіреді. Соның ішінде Кентау трансформатор зауыты, Asia Trafo, Орал трансформатор зауыты, Петропавл электротехникалық зауыты және т.б.
 

"Компания өнімі негізінен шетелдерге экспортталады.
Кентаудағы зауыт – қала құраушы мекеме, Кентаудағы ең ірі коледжді өз қаражатына жөндеп, дамытып жатқан да осы Ағамыз",- деп жазды Рауан Кенжехан.
 

Сондай-ақ Рауан Кенжехан ALAGEUM басшысы мен ұжымының бұл шешімі –Президент бастамасына үн қосып, қазақ тілін қолдау бағытындағы үлгілі қадам екенін айтты.

"Біз Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықаралық “Қазақ тілі”
қоғамының тұрақты және ұзақ мерзімді дамуын қамтамасыз ету жөніндегі бастамасын қолдаймыз. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту шараларына үлес қосу – біздің міндетіміз. Барлық тіл жанашырларын осы бастамаға үлес қосуға шақырамыз”, - деді “Alageum Electric” Компаниялар тобының негізін қалаушы Сайдулла Қожабаев.
 

Жүктелуде...