Көктайғақ, қар, жаңбыр: 28 желтоқсанда ауа райы қандай болады?

28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Фото: qazaqstan.tv

Қазгидромет 28 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын айтты,-деп хабарлайды newsroom.kz.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша, республика бойынша жауын-шашын (қар, жаңбыр) болады. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады. Солтүстік пен солтүстік-батыста қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ, екпінді жел болады деп болжанып отыр. Еліміздің солтүстік жартысында бұрқасын болады.

Түнде оңтүстік-батыста, Жамбыл облысының таулы аймақтарында екпіні 30 м/с және одан да жоғары жел соғады.

 

Жүктелуде...