Қостанай облысында боран кезінде жоғалып кеткен әжесі мен немересінің денесі табылды,-деп хабарлайды newsroom.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 26 желтоқсанда ауа-райының қолайсыздығында әжесі мен немересі жоғалып кетті.
Облыстық ведомствоның бастығы Қайрат Қасым хабарлағандай 26 желтоқсанда сағат 11:00 шамасында полицияға таңғы сағат 7 шамасында 68 жастағы зейнеткер мен 11 жасар немересі жоғалып кеткендігі туралы ақпарат келіп түседі.
Олар Қостанай ауданының Степное ауылында орналасқан Айсары ауылының бағытындағы үйден шығып, одан әрі Қостанай қаласына азық-түлік сатып алу үшін баруы тиіс болған, алайда әжесі мен немересі үйге оралмаған көрінеді.
Қайғылы жағдай туралы Қостанай облысының еріктілері айтып, ол ақпаратты Қостанай облысының ТЖД растады.