Бізде автобус жүргізушілерін талдырады: қырғыздар оқушыларды тегін тасиды

Қырғыз ақсақалы оқушыларды тегін тасып жүр екен

Фото: Sputnik_kyrgyzstan

 

Қырғызстанда автобус жүргізушісі оқушыларды үздік оқуға жігерлендіріп жүр,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы sputnik_kyrgyzstan телеграм арнасына сілтеме жасап.

Әбділашым есімді ақсақал Баткен қаласында автобус жүргізушісі болып жұмыс істейді. 

Ол екі немесе одан да көп пәндер бойынша бестік алып, оқушыны тегін жеткізетін көрінеді. Балалар күнделігіндегі бестіктерін көрсетіп, тегін қатынай береді екен.

Көршілес елде автобус жүргізушілері бүлдіршіндерді білім алуға жігерлендіріп жүрсе, біздің елдің апталдай азаматтары нәзік жанды жүргізушілерді көлік тізгінінде ұрып құлатып жатыр.
 
Айта кетейік, Алматыда 22 желтоқсан күні "47-бағыттағы қоғамдық көліктің жолаушысы жанжал шығарып, жүргізуші әйелді басынан ұрған. Салдарынан автобус жүргізушісі есін жоғалтып, көлікті басқара алмай қалған.

Бақылаудан шығып кеткен қоғамдық көлік аялдамада тұрған адамдарды қағып, төрт көлікпен соқтығысты. Оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, тағы 4 адам дене жарақатын алды.

Жүктелуде...