Sportroom

Шығатын уақыты да жақындап қалды: «Ордабасы» ФК бюджеті қанша?

Биыл футболдан өткен Қазақстан чемпионатының кезекті маусымында шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы өз тарихында тұңғыш рет чемпион атанған болатын.

Осыған орай, newsroom.kz порталы редакция атынан аталмыш клубты чемпиондық атақтарымен құттықтап, сұраухат жолдап, жылдық бюджеттен бастап, легионерлерге және балалар футболына қатысты мәселелерді сұраған еді.

Клуб президенті Бауыржан Абдубаитовтың атынан келген жауапта редакция құттықтауына алғыс білдіріп, «Ордабасы» ФК тарихта тұңғыш рет чемпион атанды: клубтың жылдық бюджеті туралы айтып беріңізші? Мемлекеттік бюджеттен қаржы аласыздар ма? Мемлекет тарапынан қаржы бөлінсе көлемі қанша?» - деген сауалымызға, «Ордабасы» футбол клубының жылдық қаржысы 1,2 млрд теңге деген жауап алды.
 

Чемпион атанған клуб ойыншыларына биыл қандай жағдай жасалды? – деген сұраққа Биыл ойыншыларымызға әр жылы жасалатын жағдай жасалды – деген қысқа әрі нұсқа жауап түсті.

Портал тарапынан қойылған Қазір Сіз басқарып отырған клубта доп тебетін футболшылардың орташа жалақысы қанша? – дейтін сұрағымызға Қазір футболшылардың орташа жалақысы әр түрлі – деп жауап берілсе, клубтың штаттық санына қатысты, «Ордабасы» футбол клубының штаттық құрылымы қандай? Жалпы саны қанша адам жұмыс істейді? – деген сауалға «Ордабасы» футбол клубының штаттық құрылымы спорттық маусым кезеңдеріне байланысты өзгеріп отырады – делінген жауап келді.


«Сіз басқаратын клубта легионерлер бар ма, болса саны қанша? Олардың жалақысы, жатын жері, келісім-шарт түзескенде қандай артықшылықтар қарастырылады?» - деп қойған сауалымызға Қазақстан Футбол Федерациясының белгілеген регламенттеріне сәйкес барлық клубтарда 8-ден артық легионер алуға рұқсат жоқ – дейтін жауап алдық.
 

Федерация қойған регламент дұрыс болса, клубтағы легионерлердің нақты саны мен жалақыларына қатысты қойған сауалымыздың басы ашық қалды ма? Клуб тарапы неге бұл сұрағымызға толық жауап бермеді екен? Бәлкім, алдағы уақыттарда бұл сұрақты қайта жолдап, өзге де клубтар мен Футбол федерациясына да бұл сауалды жолдармыз...

Балалар футболына қаншалықты көңіл бөлінуде? Неге біздің елде өзіміздің Мессилер мен Роналдулар шығып, Еуропалық және Әлемдік клубтарда ойнамайды? Жеке өзіңіз қандай пікірдесіз? – деген сауалымызға Қазіргі таңда балалар үшін үлкен көңіл бөлінуде, елде өзіміздің Мессилер мен Роналдулар шығу үшін барынша ат салысып отырудамыз, олардың шығатын уақыты да жақындап қалды – делінген соңғы сауалымызға осындай жауап алдық.

Биыл Қазақстанның футбол құрамасы Еуропа чемпионатында өте жақсы ойнады. Тіпті футбол қарамайтын newsroom.kz порталы осы ойындарды жібермей қарап, футболдан тікелей трансляция таратып отырды.

Сондықтан, Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының нәтижесінде талай ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік берген e-otinish.kz жүйесі арқылы мемлекеттен қаржы алатын бірақ сауалымызға аз да болса, саз жауап келетін және оқырмандарын қызықтыратын осындай жазбалар сериясын жалғастыра береді...