Қазақстан - Сан-Марино кездесуінде 90 минутта Абат Айымбетов үшінші голды соқты.
Бұл туралы оқиға орнынан newsroom.kz тілшісі жазды.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы - Азамат Кеңесто Сан-Мариноның айып алаңында пенальти тапқан соң, Абат Айымбетов пенальтиден мүлт кетпей жеңіс голын сыйлады.
Бұл “Астана” ойыншысының ұлттық құрама сапындағы 34 ойындағы 9-шы голы.
Келесі ойын Люблянада Словенияға қарсы болады. Оны жеңсек, Еуро ойындарына шығамыз, Құдай қаласа!