Қырғызбасы Тәшиевпен текетірес жоқ депті

Қырғызстан президенті Тәшиев екеуінің арасында жанжал жоқ екенін айтты

Фото: akipress.org

"Ташиев екеуміздің арамызда жанжал жоқ", - деді Қырғызстан президенті. Оның айтуынша, екі достың ара-қатынасын бұзу үшін кейбіреулер жалған ақпарат таратқан,-деп хабарлайды newsroom.kz порталы koroche_kg Telegram арнасына сілтеме жасап.

Қырғызстан Президентінен ҰҚКК басшысы Қамшыбек Ташиев екеуінің арасындағы жанжал туралы Халық құрылтайының делегаттары түсініктеме беруді сұраған еді. Халық құрылтайы Бішкекте екінші күн қатарынан өтіп жатыр.

"Қамшыбек Қыдыршайұлы екеумізге кім президент болатыны маңызды емес. Екеуміз де Отан үшін алаңдаймыз. Ол билік үшін күреспейді, бұл туралы алаңдамаңыз", - деді Садыр Жапаров.

Жапаров делегаттарға белгілі бір адам өзінің айналасындағылардан, тіпті өз отбасыларынан Қамшыбек Тәшиев билікті өз қолына алғысы келеді деген қауесет таратып жүрген бейнежазбасы бар екенін айтты.
Садыр Жапаров бұл бейнені тарата алатынын, бірақ ақсақалды аяйтынын және оны қорлағысы келмейтінін атап өтті.

 

Жүктелуде...