17-18 желтоқсан! Алдағы демалыс күндері қайда баруға болады?

Астанада демалыс күндерді қалай өткізуге болады?

Фото: ашық дереккөзден

Елордада алдағы 17-18 желтоқсан демалыс күндерін қалай қызықты әрі көңілді өткізуге болады? Бұл туралы newsroom.kz порталының материалынан оқи аласыздар.

18 желтоқсанда әнші AKON - ның концерті өтеді. Билеттер 80 000 теңгеден басталады. Ticketon.kz, kino.kz, zakazbiletov.kz сайттарынан алуға болады.

17 желтоқсанда Saryarqa сауда үйінде мерекелік бағдарлама өтеді. 

16:00-17:00- де қуыршақтармен фотосессия;

17:00-18:00-де “Ер Төстік” интерактивті спектаклі өтеді. Кіру тегін.

9-21 желтоқсан аралығында көптен күткен “Джулия” мюзиклі өтеді. 

Мекен жайы: Astana ballet, Ұлы дала 43. Билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады.

16-17 желтоқсанда “Мен сені жақсы көремін” авторлық фотосуреттер көрмесі өтеді. Мекен-жайы: Ұлттық мұражай. Билеттер: sxodim.com сайтында 300 теңгеден басталады. 

Жүктелуде...