Хабар арнасының Директоры тағайындалды

Белгілі тележурналист Хабар арнасының Директоры тағайындалды

фото: әлеуметтік желіден

Белгілі тележурналист, медиаменеджер Арман Сейітмамыт «Хабар» телеарнасының директоры болып тағайындалды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Бұл туралы Хабар арнасының басқарма төрағасы Кемелбек Ойшыбаев әлеуметтік желісінде бөлісті.

"Арман Балтабайұлы - телевизия саласында ұзақ жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан білікті, тәжірибелі маман. Еңбек жолын «Хабар» Агенттігінде 1997-жылы тілшіліктен бастап, тележүргізуші, редактор сияқты шығармашылық сатылардан өтті. Әр жылдары агенттіктің құрамына кіретін «EL ARNA» және «Хабар 24» телеарналарының директоры қызметін абыроймен атқарды.

Сонымен қатар, интернет жобалар саласында да еңбек етіп, тәжірибе жинақтады.

Агенттіктің жауапты қызметтеріне өз ішімізде жетілген, саланы жақсы білетін, ұжымға сыйлы, білікті маманды қоюға басымдық беріледі. Бұл тәжірибе мен жаңашылдықты тиімді үйлестіре отырып, жұмыстың жүйелі жүруіне оң әсер етері анық.

Әріптесіміз жаңа жауапты қызметінде де жемісті еңбек етіп, «Хабар» телеарнасын биік белестерге шығаруға өзіндік үлес қосады деп сенеміз",- деп жазды Кемелбек Ойшыбаев.

Жүктелуде...