Қостанайда соққыға жығылған зейнеткер ауруханада көз жұмды

Қостанайда соққыға жығылған зейнеткер көз жұмды

фото: ашық дереккөзден

Он күн бұрын үйіне келген әйелден таяқ жеген Әсия Құтварова ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы  EL.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

23 қарашада екі әйел зейнеткердің пәтеріне келіп, олардың бірі Әсия Құтварованы пәтерден сүйреп шығарып, ұрып-соққан. Зардап шегуші қарт әйел Қостанай қалалық ауруханасына жеткізіліп, полицияға арыз жазған.

Полицейлер Әсия Кәрімқызын соққыға жыққан әйелді ұстады. Белгілі болғандай, зейнеткердің бірнеше қабырғасы сынған.

1 желтоқсанда 85 жастағы зейнеткердің қайтыс болды. Өлімнің себебі кардиомиопатия екені анықталды. Яғни, алған жарақаты оның өліміне қатысы жоқ.

Жүктелуде...