Жаңалықтар

Бәйдібек ауданында полицейлер зорлық зомбылықтың алдын алудың жаңа әдісі түсіндірілді

Бұл туралы newsroom.kz порталы Бәйдібек ауданы полиция бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

Бәйдібек АПБ ЖПҚ ӘЗЗҚТ инспекторы полиция капитаны А.Утебаева Бәйдібек АПБ УПИ-на отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына халыкаралық тәжірибеден өткен "ОДАРА" бақылау әдісін түсіндіріп өтті.

Тұрмыстық зорлық зомбылықты бағалаудың бұл құралы агрессорларда қайталанатын зорлық зомбылық әркеттерінің қаупін болжауға мүмкіндік береді.

Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілері бойынша мәселелерді шешу агрессорді сөзсіз бас бостандығынан айыруға емес, оның толыққанды өмірге қайта оралуына және жәбірленуші тарапымен татуласуына бағытталған.

"ОДАРА" әдісі- отбасылық тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтарды төмендетуге арналған.

Айта кетейік, “ODARA” – жақын әлеуметтік қарым-қатынастардағылардың зорлық-зомбылық жағдайларын қарастыруға мүмкіндік беру үшін Канаданың психикалық денсаулықты зерттеу орталығы әзірлеген сауалнама. Бұл сауалнама полиция қызметкерлеріне жұбайы тарапынан зорлық-зомбылықтың қайталану ықтималдығын бағалауға септеседі. Сауалнама 13 сұрақтан тұрады және тиісті қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Қатысушыларға бұл сауалнама не үшін жасалғаны, оның қалай жұмыс істейтіні және оның қаншалықты тиімді екендігі түсіндірілді.

Сондай-ақ, Ұлттық комиссия Бас прокуратураның бастамасымен жүзеге асырылған 2018 жылғы "Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" сәтті жол картасын қайталауды ұсынды. Бұған дейін Түркістан облысының екі ауданында пилоттық режимде жүзеге асырылған жобаны республика бойынша кеңейту ұсынылады.
Сонымен қатар, Ұлттық комиссия ықтимал құрбандарға туыстары мен жақындарына өмірлеріне қауіп төніп тұрғаны туралы ескертуге мүмкіндік беретін мобильді қосымша әзірлеуді ұсынды.

Қазіргі таңда көп жағдайда халқымыз қанына сіңген қасиет­пен отбасылық жанжалдарды сыртқа шығармауды қалайды. Қазақ әйелі ерінің абыройын, үйелменнің береке-бірлігін ойлап, балаларының толық отбасында өскенін қалағандықтан, шаңырақ құндылығынан асып кете алмай «жауырды жаба тоқып», өктемдікті жасырып-жабуға бейім келеді. Бірақ осындай «бас жарылса – бөрік ішінде, қол сынса – жең ішінде» салдарынан іс ушығып, кей жағдайда соңы адам өлімімен аяқталуы өкінішті.

Тұрмыстық қияпат әртүрлі сипатта болуы мүмкін. Ол физикалык күш көрсетумен қатар, сөзбен кемсіту, психологиялық қысым, тіпті сексуалдық тұрғыдан зорлық-зомбылық көрсету түрінде де болады.

Сондықтан осы сипаттаға кез келген әрекетке дер кезінде тосқауыл қоя білген жөн.

Осы орайда айта кетсек, елімізде тұрмыстық күш көрсетуді болдырмау мақсатында әлсіз азаматты немесе әйел адамның құқығын өз дәрежесінде қорғау үшін ең алдымен заңнамалық тұрғыдан «қаруланып» алған абзал. Яғни, қазіргі заңдар заман сұранысына сай болуы тиіс. Осы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы мемлекетімізде «Тұрмыс­тық зорлық-зомбылық профилактикасы» туралы заңы қабылданған. Қазіргі таңда аталмыш заң азаматтарымыздың қорғанына айналып отыр. Ең бастысы, зорлық құрбаны өзінің шынайы жағдайын жасырып қалмауы қажет.

«Әрбір отбасы – кішігірім шаңырақ» екенін ескере отырып, осы шағын шаңырақтардан құралатын Қазақстан атты үлкен мемлекетіміздің болашағы кемел болсын десек, отбасы құндылығы мен ерлі-зайыптылардың жеке-жеке құқықтары сақталынып, ба­ла­лардың тәтті де бақытты ғұмыр кешуіне атсалысуымыз керек!