weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
14 қараша, 2023 / Рысжан Амантай / Аймақтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салды

Шамалған ауылында Болат Назарбаевтың жаназасы өтті

Болат Назарбаевты ақтық сапарға шығарып салды
видеодан кадр

Шамалған ауылында Болат Назарбаевтың жаназасы өтті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жерлеу рәсіміне марқұмның үлкен ағасы Нұрсұлтан Назарбаев, әпкесі Анипа Назарбаева, Алматы облысының бұрынғы әкімі Амандық Баталов, Антикордың бұрынғы төрағасы Алик Шпекбаев және басқалар қатысты.

Қоштасу рәсіміне премьер-министр Әлихан Смайылов та қатысты, осыған байланысты Үкіметтің дәстүрлі отырысы ертеңге ауыстырылды.

Рәсімде Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, інісі Болат Назарбаевтың жасаған жақсылықтары туралы сөз қозғады. Сондай-ақ Үкімет басшысы Әлихан Смайылов сөз сөйлеген.

Жаназаға 300-дей адам жиналған. Рәсімге келгендерді полиция қызметкерлері қатаң тексеріктен өткізіп жіберіп жатқаны белгілі болды.

Айта кетейік, 13 қарашада Болат Назарбаевтың қайтыс болғаны белгілі болды.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→