Иманды болсын! Болат Назарбаев қайтыс болды

Болат Назарбаев қайтыс болды

фото: ашық дереккөзден

Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев бүгін таңертең 9:30-да қайтыс болды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы.

Орталық клиникалық емхананың дәрігерлері Болат Назарбаевтың өлімі жүрек тоқтауынан дейді. 

Бұған дейін, Болат Назарбаевтың "Салиқалы ұрпақ" деген фондында оның денсаулығы біраз нашарлағанын хабарлаған еді.

Болат Назарбаев 1953 жылы 23 наурызда Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында дүниеге келген.

1997 жылдан бері ол BN Invest холдингін басқарады. 2016 жылы "Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қорын құрды. Сол жылы "Парасат" орденімен марапатталды.

Иманды болсын!

Жүктелуде...