Қытайға визасыз барамыз: Қытай мен Қазақстан арасындағы визасыз режим күшіне енді

30 тәулік Қытайда визасыз жүруге болады

Фото: егемен Қазақстан

10 қарашада Қазақстан мен Қытай арасында визасыз режим күшіне енді деп хабарлайды newsroom.kz порталы ҚР СІМ-не сілтеме жасап.

Аспан асты елінде енді 30 күн визасыз жүруге болады.

Бүгіннен бастап Қазақстан мен Қытай азаматтары елге кіру үшін алдын ала виза рәсімдемей-ақ көрші мемлекеттің аумағында 30 күнге дейін немесе 180 күнтізбелік күн ішінде 90 күнге дейін жүре алады. Бұл келісімге тараптар ұзақ уақытқа созылған талқыдан кейін келді, өйткені бұл бастаманы қолдамағндар көп болған.

 

Жүктелуде...