Жөнделген жолды тағы жөндеуге 1,7 млрд жұмсамақ болған кімдер?

Қызылордада жөнделген жолды жөндеуге үлкен қаржы жұмсамақ болған

фото: zakon.kz

Қызылорданың жаңадан жөнделген жолын қайта "жамауға" бюджеттен миллиондаған теңге жұмсалмақ болды. Прокуратура мемлекет ақшасын негізсіз ысырап етудің жолын кесті, деп хабарлайды newsroom.kz порталы zakon.kz

Қызылорда облысы прокуратурасының хабарлауынша, қадағалаушы мекеме өңірдегі мемлекеттік сатып алу ісінен өрескел заң бұзуды анықтады. Жергілікті шенеуніктер жаңадан жөнделген жолдарды күрделі жөндеуге 1,7 миллиард теңге жұмсамақ болған.

Қызылорда прокуратурасы 2020 жылы Қызылжарма ауданындағы Батырбаев көшесіне 49 миллион теңге тұратын жөндеу жасалғанын анықтады. Осы жұмыстардан кейін жолды жаңадан күрделі жөндеу кем дегенде алты жыл бойы талап етілмейді.

 

"Бірақ жергілікті әкімдік 2023 жылы Батырбаев көшесін жаңартуға тағы да 653,9 млн теңгелік конкурс жариялаған. Прокуратураның араласуынан кейін бұл сатып алу тоқтатылды. Дәл осындай жолмен Қызылордада жалпы сомасы бір миллиард теңгеге Әбенов, Досхожин, Сексенбаев көшелерін жөндеуден өткізбек болды. Бұл тендерлер де прокуратураның талабы бойынша тоқтады".

Жүктелуде...