Былтыр дертке шалдығып, шетелде ем алып келген ақын Жүрсін Ерман "Таңшолпан" бағдарламасында денсаулығы айтып берді, деп хабарлайды newsroom.kz порталы.
"Көп ем-дом алдым. Бірақ нәтиже шықпады. Бір жылдан асып кетті. Осы Алматыда, Астанада емделдім. Швейцарияда барып емделдім. Бірақ нақты нәтиже болмай тұр. Қазір 70-тің үстіне шықтым. Сырқат ауыр боп тұр. Финишке таяп қалды. Бұрын көп жазатынмын. Қазір жазуды да қойдым. Жазуға да сау адамның көңіл-күйі керек. Ол болмағаннан кейін қиын", - деп айтты Жүрсін Ерман.
Айта кетейік, былтыр айтыс ұйымдастырушысы Жүрсін Ерманның жансақтау бөліміне түскені жайлы ақпарат тараған еді. Жүрсін Ерманның қызы Ардақтың айтуынша, ақынның денсаулығы жансақтау бөліміне түспес бұрын сыр берген. Себебі, Жүрсін Ерман оң аяғының тізесіндегі көк тамырға протез салдырған. Алайда протезді ағзасы қабылдамай, оның айналасы іріңдей бастаған. Артынша сол ірің қанға түсіп, ақынның дене қызуы көтерілгеннен талмасы ұстаған. Ол есінен танғаннан кейін бір күн ішінде тыныс алу аппаратына таңылған.