"Алтын допты" 8-ші рет жеңіп алған Месси туралы не білеміз?

Месси "Алтын допты" 8-ші рет жеңіп алды

фото: Vesti.kz

Париждегі "Шатл" театрында өткен кеште 8-ші рет "Алтын доп" иегері атанған аргентиналық футболшы Лионель Месси туралы не білеміз? Футбол тарихындағы ала доптың шебері Месси туралы қызықты деректермен newsroom.kz порталы дайындаған материалы арқылы таныс болыңыз.

 Мессидің тұңғыш келісімшарты қол сүртетін қағазға жасалған. Оның әкесі Хорке Барселона  директоры Карлос Рекшасқа жылдам қол қоюды өтінген. Мейрамхана даяшысынан қол сүртетін қағаз сұрап, келісім шартты соған жасаған.

 2004 жылы 16 қазанда Лионель Месси Барселона сабында Эспанольға қарсы өнер көрсетіп көзге түседі. Сол жылы 17 жасында Испания біріншілігінде кәмелетке толғаннан кейін берілетін «ең үздік жас футболшы» атағын иемденеді.

 Ол әлемдегі футболшылар алатын ең бастысы номинация – «Алтын допты» 6 рет, «Алтын бутсыды» 3 мәрте алған бірден-бір рекордшы. 

Аргентиналық танымал CULE спорт басылымы жерлестерінің құрметіне газеттің атын өзгертіп бір рет ЛЕО деп шыққан.

Сарапшылар оның сол аяғының ептілігін Марадонаның аяғымен салыстырса, жылдамдығын Кройф пен Роналдиньоға теңестіреді. Месси өзінің спорттық карьерасында 642 артық ойын өткізіп, 550 астам гол соққан нағыз талант иесі.

Жүктелуде...