Қылмыс

Сұмдық! Студент-медик балалар мен қарияларға жәбір көрсеткен

Астанадағы сот балалар мен қарияларға жәбір көрсетті деп айыпталған медициналық студентке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Сот Заңның және қылмыстық кодекстің баптарын басшылыққа ала отырып, айыпталушыны ҚР ҚК 110-бабы бойынша кінәлі деп тануға үкім шығарды (азаптау).

"Орташа қауіпсіздік түзеу мекемесінде 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын. Үйде қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын өзгертіп, дереу қамауға алыңыз", - деді судья.

Судья жәбірленушілерге 4 млн теңге көлемінде моральдық залал төлеуге міндеттеді.

Сот деменциямен, сөйлеу мен көру қабілетінің, есте сақтау қабілетінің жоғалуымен ауыратын медициналық мекеменің пациенттерінің құқықтарының бұзылу фактісін анықтады. Сондай-ақ, аутизммен ауыратын кәмелетке толмаған баланың құқықтарын бұзу фактісі анықталды.

"Ерекше күтімді қажет ететін пациенттерді студент-смедик қорқытып, ұрған. Айыпталушы медициналық мекемеде жұмыс істеп, жәбірленушінің ауруы туралы біле тұра, оның бөксесін тепкілеген. Теуіп болып, басынан бірнеше соққы берген. Тістері жоқ екенін білсе де, қыртысы бар нан жеуге мәжбүрлеген", - деді судья.

Бұдан өзге аутизммен ауыратын балаларға да жәбір көрсеткен.

"Баланы азапқа салған. Баланың спорттық трикосы арқылы сұқ саусағын баланың артқы жағына сұғуға тырысты. Бұнымен қоймай, барлық қылмыстық әрекеттерді ұялы телефонға түсіріп, таныстарына жіберген", - деді судья.

Бұған дейін, прокурор айыпталушыға 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыруды сұрағаны хабарланған болатын.

Осы уақытта сотталушы өз кінәсін толық мойындады және өкінеді.

"Бұл жұмыс менің алғашқы медициналық тәжірибем болды. Мұндай жұмысты қабылдау маған өте қиын болды, оқу мен жұмысты қатар алып жүруге тура келді. Маған пәтер жалдау, тамақ пен киім-кешек табу үшін бос уақытымда жұмыс істеуге тура келді. Мен әлі күнге дейін 1946 жылы туған әжемнің асырауындамын.

Мен үнемі дұрыс ұйықтамадым, кейде сабаққа дайындалуға уақытым болмады. Емдік орталықтағы атмосфераны өзіңіз көрдіңіз. Бұл жерде үнемі көңілсіздік, науқастардың жиі өлімі, ауыр науқастарға күтім жасау. Бірақ соған қарамастан орталық қызметкерлері өз жұмыстарын атқарып жүр.

 Бірнеше ай жұмыс істегеннен кейін мен, өкінішке орай, пациенттерге деген жанашырлық сезімін жоғалта бастадым. Істің басында тапсырманы орындау тұрды. Мен моральдық, психологиялық тұрғыдан шаршай бастадым, жұмыстан шаршадым және эмоциямды бағындыра алмай қалдым.

Сотталушыға емделушілер әдейі ашуына тигендей көрінген екен.

"Маған, бұл адамдар әдейі ашуыма тиіп, арттарын бүлдіріп кететіндей көрінді. Оларды жуып, тазалап отыру үшін мені әдейі мазақ етті деп ойладым.

Істеген іс-әрекетіме қатты өкінемін. Бұл жастық ақымақтықпен болды деп айтқым келеді. Мен оларға ауыр физикалық зиян келтіруді ешқашан мақсат еткен емеспін, тек қорқытқым келді.

Мен олардың маған мойынсұнғанын, дәретханаға барғанын, кез келген жерде дәрет алмағанын және қалдықтарын жемегенін қаладым", - деді ол.