weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
17 қазан, 2023 / NewsRoom / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Ұлы Дала баласы ұлы дала көшелерін қалай сыпыруда?

Сот үкімімен 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмысқа тартылған Төреғали Төреәлі жазасын өтеуде.

Ұлы Дала баласы ұлы дала көшелерін қалай сыпыруда?
kaz.inform.kz

22 қыркүйек күні Алматы қаласының Түрксіб аудандық соты әншіні 40 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза  берілгенін хабарлайды newsroom.kz  порталы kaz.inform.kz сілтеме жасап.  Еске салсақ,   өнер иесіне есірткімен ұсталды деп айып тағылған. Медицина сараптамаларының нәтижесінде есірткі қабылданғаны расталды. Болған жағдайдан кейін әкімшілік жауапқа тартылып, 20 тәулікке қамауға алынған. Одан бөлек 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айврылған. Кейін қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза  берілген.  Әнші әлеуметтік желіге жүктеген видеосында әр адам заңға бағынуға міндетті екенін айтты.

Төреғали Төреәлі: 

“Сот үкімі бойынша мен 40 сағат қоғамдық жұмысқа тартылдым. Түске дейін саябақты тазаладық. Бұл – менің Тәуелсіз Қазақстаным, Отаным, елім, жерім. Әлбетте, Әнұраны бар, көк Туы бар елдің міндетті түрде заңы болады. Ол заңға бағынуымыз керек. Ұлы дала баласы, ұлы даласын сыпырып, тазалап жатыр”. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→