Жансақтау бөлімінде жан тапсырған сәбидің ісі әлі сотқа жеткен жоқ.

Арада 9 айға жуық уақыт өтсе де кінәләлер жазасын алмақ түгілі іс сотқа жетпеген.

фото: inbusiness.kz

Тоғыз ай бұрын операциядан кейін реанимацияда қайтыс болған үш жасар баланың ісі әлі күнге дейін дейін сотқа жеткен жоқ деп хабарлайды newsroom.kz ақпараттық порталы kstnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Естеріңізгі сала кетейік, 2022 жылдың 15 желтоқсанында облыстық балалар ауруханасында төрт балаға жоспарлы урологиялық операция жасалды. Отаның келесі күні 4 бірдей баланың жағдайы нашарлаған көрінеді. Алайда көп өтпей 3 бала өздеріне келді. Ал үш жасар кішкентай Амир ауыр комаға түсіп, бір айдан кейін яғни, 21 қаңтарда қайтыс болады.
Арада 9 айға жуық уақыт өтсе де кінәләлер жазасын алмақ түгілі іс сотқа жетпеген көрінеді. Ал полиция департаменті қылмыстық іс әлі тергеу үстінде екенін айтады.

Жүктелуде...