Бұл туралы newsroom.kz тілшісі хабарлайды.
Танымал журналист Ая Өміртай өзінің фейсбук парақшасында:
"ҚазҰУ-ды Қонаевқа көшіреді деген не әңгіме?! Ондай күнде сақалдарың мен шаштарыңды бір, бір талдап жұламыз. Тамырын басып көреміз деген болмайды, ондай сыбыстың шеті де шықпасын" - деп жазды.
"Жері аман ба екен өзі, сатылып кетпесін" - деген оның желідегі жазбасы қызу талқылануда.
"ҚазҰУ Алматының символдарының бірі, көшіргені несі", "Бұл бір қаланы студенттер қалашығы қылу бағытындағы ұсыныстар төңірегіндегі әңгіме - ау! (шет елдегідей)" - деген қоғам белсенділерінің тарапынан қызу пікірлер түсуде.
Айта кетейік, 31 тамыз күні Қасым-Жомарт Тоқаев "Қонаев академиялық қалашығын" салып, қазақстандық 4 жоғары оқу орнын Қонаевқа көшіру туралы тапсырма берген еді. Білім ордаларының ішінде Әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университеті бар деген қауесет те желі қолданушыларының арасында талқыға түсіп жатыр.