Алматы облысында ер адам әйелді екі баласымен бірге өлтіріп, өртеп жіберген

Әйелдің денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар екені анықталған.

inbusiness.kz

Алматы облысының Ащыбұлақ ауылында 14 қыркүйекте өрттен кейін әйел мен оның екі баласының мәйіті табылды. Әйел денесінде зорлық-зомбылық белгілері бар, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

14 қыркүйек күні сағат 23:24-те Ашыбұлақ ауылындағы үйлердің бірінде зорлық-зомбылық белгілері бар өрттен кейін әйел мен оның екі кәмелетке толмаған баласының мәйіттері табылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

"Аталған факті аудандық ішкі істер органдарына ҚР ҚК 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша тіркелді. Қазір күдіктіні жедел іздестіріп жатыр. Аудандық полиция бөлімшелері мен көршілес облыстардың жол полициясына хабарлама берілді", - деді Алматы облысы бойынша ПД басшысы Бауыржан Әленов.

Оның айтуынша, түпкілікті процестік шешім қабылдау үшін барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүріп жатыр.

"ҚР ҚІЖК 201-бабы бойынша тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды", деп атап өтті облыстық департамент басшысы.

Жүктелуде...