Жанкүйерлердің белсенділігі ғана емес, олардың ауызбіршілігі де жұртты сүйсіндірді. Өйткені, матч аяқталғаннан кейін олар асығыс шығып кетудің орнына айналасын қоқыстан тазартты. Тазалық акциясына «Астана жастары» КММ еріктілерімен қатар, жанашыр жанкүйерлер де атсалысты. Олар осы арқылы жұрт назарын аударып, сүйікті қаламызда тазалық пен тәртіпті сақтауға шақырғысы келді. Себебі қаламыздың құлпыруы әрқайсымыздың қолымызда.
Игілігі мол бұл бастаманы танымал блогерлер мен әлеуметтік желі қолданушылары байқап, назарларынан тыс қалдырмады. Олар еріктілердің стадионды тазартып жүргені туралы парақшаларында оқиға орнынан кадрлар жариялап, игі істің насихатталуына ықпал етті.