US Open: қазақстандық теннисші финалға шықты

US Open: қазақстандық теннисші финалға шықты

ашық дереккөзі

Қазақстандық теннисші Анна Данилина аралас жұптық сында АҚШ Ашық біріншілігінің финалына шықты, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

7 қыркүйекке ауған түні US Open-2023 жартылай финалдық матчы аяқталды. Қазақстандық Анна Данилина финляндиялық Харри Хелиоваарамен дуэтте Ена Шибахара (Жапония) – Мате Павич (Хорватия) жұбын жеңді.

Кездесу 7:6, 6:4 есебімен аяқталды.

Данилина – Хелиоваар жұбының қарсыласы әлі анықталған жоқ.

Ал финалдық матч 9 қыркүйекте өтеді.

Жүктелуде...