2022 жылдың қорытындысы бойынша, орталық мемлекеттік органдардың (ОМО) жоспарларының орындалуын жалпы бағалау 100-ден 93,9 балл болды. Бір жыл бұрын бойынша орташа балл 92,9 болған, деп хабарлайды newsroom.kz. 2022 жылы ОМО дамыту жоспарларында 76 мақсаттың 59 мақсатына қол жеткізілді. Мақсаттарға қол жеткізу үшін бюджеттік бағдарламалармен өзара байланысты 302 нысаналы индикатор анықталды, оның 242-сі толық, 25-і жартылай орындалды, 5-і орындалмады және 30-ы ескерілмеді. Сондай-ақ, 128 макрокөрсеткіштің 60-на толық қол жеткізілді, тағы 10-ы жартылай орындалды және 58-і есепке алынбады (операциялық бағалауды жасау барысында ҰСБ жедел және түпкілікті мәліметтерінің жоқтығына байланысты). Мәселен, нысаналы индикаторлардың жалпы саны 430 Оның 302-сі толық орындалды (немесе 70,2%; 2021 жылы да 70,2% болған), 35-і (немесе 8,1%; 2021 жылы 9,4%) ішінара орындалды, 5 (немесе 1,2%; 2021 жылы 1,1%) қол жеткізілмеді, 88 (немесе 20,5%; 2021 жылы 19,3%) есепке алынбады.
- Экология және табиғи ресурстар министрлігі;
- Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
- Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;
- Мәдениет және спорт министрлігі.
- Су ресурстары және ирригация министрлігі;
- Көлік министрлігі;
- Туризм және спорт министрлігі;
- Мәдениет және ақпарат министрлігі;
- Индустрия және құрылыс министрлігі.