Вьетнам мен Беларусьқа жаңа елшілер кетті

Вьетнам мен Беларусьқа жаңа елшілер кетті

ашық дереккөзі

Беларусь Республикасы мен Вьетнам Социалистік Республикасына Қазақстан Республикасынан жаңа елшілер аттанды, деп newsroom.kz хабарлады Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Ерлан Сапарұлы Байжанов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты Өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Камбоджа Корольдігіндегі, Лаос Халық Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды; Қанат Қобыландыұлы Тумыш Қазақстан Республикасының Вьетнам Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды.

Жүктелуде...