Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында алтын жүлде алды

Қазақстандық дзюдошы әлем чемпионатында алтын жүлде алды

ашық дереккөзі

Нұрлан Исатаев әлем чемпионы атанды. Загребте өтіп жатқан әлем біріншілігінің финалында Нұрлан Исатаев грузиялық Мераби Самадашвилиді ұтты, деп newsroom.kz хабарлайды inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

"Финалдық белдесу қосымша уақтқа дейін созылды. Голден скорда (қосымша уақыт) отандасымыз ұтымды әдіс пайдаланып, ұпай еншілеп, ел қоржынына алғашқы алтынды сыйлады", делінген хабарламада.
55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол жарыста қарсылас шақ келтірген жоқ. Іріктеу кезеңінде Шахруз Шаназаровты (Түркменстан), Лиова Спариянды (Армения) Янг Жонатанды (АҚШ) айқын басымдықпен жеңді.
"Өз тобынан үздік шыққан ол жартылай финалда тағы бір отандасымыз Оралбек Байзақпен белдесті. Нәтижесінде, Исатаев финалға жолдама алса, Оралбек Байзақ жұбаныш белдесуінде қола жүлдені жеңіп алды", делінген хабарламада.
Ал қыздар арасында 40 келіге дейінгі салмақта Сабина Юлдашбекова ел қоржынына күміс жүлдені салды. Осылайша, Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Загребте өтіп жатқан әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс және 1 қола жүлдемен медаль кестесінде бірінші орынмен бастады. Айта кетейік, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 27 тамызға дейін жалғасады.

Жүктелуде...