Биыл шілде айының басына қарай қазақстандық банктердің онлайн қызметтерін белсенді пайдаланушылар саны 20,7 млн-ға жетті, бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 0,5% көп. Ал 2021 жылдың 1 шілдесімен салыстырғанда еліміздегі онлайн-банкингті белсенді пайдаланушылар санының өсімі айтарлықтай 25,5%-ды құрайды, деп хабарлайды newsroom.kz. Қазақстандағы банк секторын цифрландыру және онлайн-банкингті дамыту ел экономикасының барлық басқа салалары мен секторлары үшін тиімді цифрлық трансформацияның үлгісі екенін атап өткен жөн. Қазақстанның ірі ЕДБ аз уақытта мобильді қосымшалар арқылы ауқымды экожүйені қалыптастырды. Халыққа арналған мобильді қосымшалардан басқа, ҚР ЕДБ бизнес үшін онлайн-банкингті белсенді түрде дамытып, енгізуде. Айталық, еліміздегі 10 ірі банктің 7-де кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне арнайы жасалған жеке мобильді қосымша бар. Осы саланың дамуына серпін берген негізгі ЕДБ бірі ForteBank. ForteBusiness мобильді қосымшасының көмегімен кәсіпкерлер түрлі онлайн қызметтерге қол жеткізе алады:
- бюджетке төлемдер жасау — әлеуметтік төлем, зейнетақы, МӘМС, салық және т. б.;
- тауар, қызмет және жұмыс ақысын төлеу;
- қызметкерлердің карталарына еңбекақы аудару;
- ағымдағы шоттардағы, оның ішінде жинақ шоттарындағы ақша қалдықтары мен қозғалысын толық бақылау;
- шетел валютасын сатып алу және сату, сондай-ақ шетел валютасында ақша аудару;
- бір валютада өз шоттары арасындағы ішкі аударымдар;
- басқа да көптеген қызметтер.
- Рейтингте бірінші орын алған ForteBank аймақтағы ең үздік мобильді банк болды.
- Екінші және үшінші орындарды Halyk Bank және Jusan Bank иеленді.
- Үздік бестікті Украинадағы ПриватБанк және Грузиядағы Bank of Georgia түйіндеді.