ҚР Мәдениет және спорт министрлігі: аптаның қорытындысы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі: аптаның қорытындысы

ашық дереккөзі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің бір аптадағы жаңалықтар дайджесті, деп newsroom.kz хабарлайды DKNews.kz: сайтына сілтеме жасап.

  • Алматы облысында бір мезетте 2300 адам спорттың 23 түрімен айналысатын олимпиадалық даярлық базасының құрылысы аяқталуға жақын. Асхат Оралов министрліктің, Алматы облысы мен Қарасай ауданы әкімдіктері қызметкерлерінің және мердігер компания басшылығының қатысуымен кеңес өткізіп, құрылысты сапалы аяқтау туралы тапсырма берді
  • Мәдениет және спорт министрі матчтан кейін трибуналардағы қоқысты жинаған 11 жастағы футбол жанкүйеріне алғыс білдірді. Асхат Оралов Әлихан мен оның достарына кітаптар, естелік сыйлықтар, сондай-ақ Катарда өткен әлем чемпионатының футбол добын сыйлады
  • Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов «Абай күні» қарсаңында Димаш Құдайберген бастаған челленджді қолдап, Абай Құнанбайұлының өлеңін оқыды
  • ҚР Ұлттық музей қорына Абай қолданған самаурын табысталды. Қазіргі таңда Ұлттық музей қорында Абай Құнанбайұлына қатысты 42 жәдігер сақталған
  • Жергілікті әкімдіктердің ақпаратына сәйкес бүгінгі күні өңірлерде Абай есімімен аталатын 1441 көше, 12 даңғыл, 1 университет, 4 колледж, 99 мектеп және 2 театр бар. Былтыр Президент Жарлығымен Абай облысы құрылып, әкімшілік орталығы болып Семей қаласы белгіленді
  • eQonaq ақпараттық жүйесінің дерегі бойынша туристік мақсатпен келген АҚШ, Германия, Оңтүстік Корея және Үндістан азаматтары елімізде орта есеппен 4 күн өткізеді. Елімізде аялдау мерзімі бойынша Өзбекстан азаматтары көш бастап тұр. Көрші елдің туристері Қазақстанда 10 күнге дейін тоқтайды
  • Мәдениет және спорт министрлігі олимпиада медаліне үміткер спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына ай сайынғы төлемдерді анықтау критерийлерін енгізуді жоспарлап отыр.

Жүктелуде...