"30 пайызы буланып кетеді". Алматы облысында шаруалар судың зарын тартып отыр

"30 пайызы буланып кетеді". Алматы облысында шаруалар судың зарын тартып отыр

ашық дереккөзі

Алматы облысында шаруалар қосымша су беруді сұрап отыр, - деп newsroom.kz хабарлайды Massaget.kz сайтына сілтеме жасап. Себебі "Сорбұлақ" су қоймасының қазіргі көлемі жеткіліксіз екен. Бір ғана Жамбыл ауданында су тапшылығынан 10 мың гектар суармалы алқап игерілмеген. Бұл мәселені диқандар жыл сайын айтып келеді. Алайда нәтиже шамалы.  /></em>

<em>Фото: Massaget.kz / Саламат Сабыр</em>

"Көлге жиналатын судың 30 пайызы буланып кетеді. Өйткені бұл аймақтың жазы өте ыстық келеді. Суармалы жер жетерлік. Алайда тіршілік нәрі тапшы. Егер Сорбұлақтағы су көлемін арттырса, онда егістік алқабын да 8 мың гектарға жеткізуге мүмкіндік болады. "Сорбұлақ" алабында жиырмадан аса шаруа жүгері мен жоңышқа егеді. Оны күнде суғарады. Бірақ су жетпейді. Себебі Алматыдан ағып келетін судың жартысы "Сорбұлақты" толтырса, қалғаны Қапшағай маңындағы құмға сіңеді. "Алқапқа қажет тіршілік нәрі ысырап болып жатыр", - дейді шаруалар.  />
<em>Фото: Massaget.kz / Саламат Сабыр</em>

Жүктелуде...