Үкімет басшысының жұмыс сапары Жамбыл облысында жалғасады

Үкімет басшысының жұмыс сапары Жамбыл облысында жалғасады

ашық дереккөзі

Бүгін Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына барады, деп newsroom.kz хабарлайды El.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Өңірде Үкімет басшысы өндірістік кәсіпорындар мен әлеуметтік мекемелердің жұмысымен, сондай-ақ химиялық кешен құрылысымен, су арнасы құрылыс жұмыстарының барысымен танысады.

Сонымен қатар премьер-министр өңірдегі диқандармен кездеседі деп күтілуде.

Жүктелуде...