Астанада «Абай – қазақ болмысының айнасы» мәдени-танымдық шарасы өтті

Астанада «Абай – қазақ болмысының айнасы» мәдени-танымдық шарасы өтті

ашық дереккөзі

2023 жылғы 10 тамыз – ақын, ағартушы, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы Абай Құнанбайұлының туған күні.

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 22 мамырдағы №303 қаулысына сәйкес, бұл дата «Абай күні» деп аталып, Қазақстан Республикасының мерекелік күндер тізбесіне енгізілген болатын. Астана қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Абай ескерткіші алдына А. Құнанбайұлының 178 жылдығына орай, «Абай – қазақ болмысының айнасы» мәдени-танымдық шарасы өтті, деп хабарлайды newsroom.kz. Шара аясында қоғам және мемлекет қайраткерлері, зиялы қауым, шығармашылық сала өкілдері және қала тұрғындарының қатысуымен ұлт перзентіне құрмет жасалып, дәстүрлі гүл шоқтарын қою рәсімі өтті.  width= Шараның ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Астана қалалық маслихатының төрағасы Е.Каналимов жиналған көпшілікті хәкім Абайдың 178 жылдық мерейтойы – Абай күнімен құттықтап, оның шығармашылығы қазіргі уақытта қоғамға қажетті бәсекеге қабілеттілік, ұлт ретінде қалыптасу, тәрбие, еңбекқорлық тәрізді құндылықтармен үндес екендігін айтты.  width= Астана қаласы әкімінің орынбасары Е. Байкен өз сөзінде «Абай атамыздың өсиеті, өлеңі, қара сөзі – бүгінгі тұрмысымызда, қазіргі қоғамда өзектілігін еш жоғалтқан жоқ. Сондықтан, Абайды тану – өзімізді өзіміз тануымыз. Қазақтың бас ақынына қандай құрмет жасасақ та жарасымды», -деді.  width= Мәдени-танымдық шарада академиктер, Абай ұрпақтары, ақындар сөз алып, өз тілек-лебіздерін білдірді. Сондай-ақ шара аясында Астана қалалық Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясының қазақ оркестрі әртістері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Қайбар, Президенттік оркестрдің жетекші солисі Ә.Мәдекешева, дәстүрлі әнші Н.Құсайынов өнер көрсетіп, Абай шығармашылығынан ән-жыр тарту етті.

Жүктелуде...